Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2024
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15722 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 жылғы № 107 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 26.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 65-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бұдан бұрын қайта бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағазға басылған және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Р. Құрманов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 337 бұйрығына
1-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар
1. Осы Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 65-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру тәртібін айқындайды.
2. Қайта бекiтiп беру аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін бекітіп беру мерзімінің аяқталуына байланысты оларда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру үшін жүзеге асырылады.
2-тарау. Аңшылық алқаптарды қайта бекіту тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi