1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2020 жылғы № 9 Қаулысымен (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысымен (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.02.2023 жылғы № 107 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысымен (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, өңірдің туристік әлеуетін жоғарылату және келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.01.2020 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3-1. АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлерін көрсетілген тізбеге енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2020 жылғы № 9 Қаулысымен (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.
17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтау теңіз порты»
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.01.2020 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.02.2023 жылғы № 107 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.01.2020 жылғы № 9 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Нысаналы индикаторлардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.10.2024 жылғы № 903 Қаулысына сәйкес (30.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)