Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Редакция 30.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Шымкент қаласының аумағында орналасқан.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
АЭА-ның аумағы 225,0001 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
1) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу;
2) Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту;
4) тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркалары өндірушілерін тарту;
5) жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту және түр-түрін көбейту;
6) химия, мұнай-химия саласын дамыту мақсаттарында құрылады.
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.
7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.
16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.
17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Оңтүстік» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 225,0001 га
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Нысаналы индикаторлардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)

Р/с

Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең 2019 жыл

2020 жылға қарай қол жеткізу

2025 жылға қарай қол жеткізу

2030 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

нысаналы индикатор

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жалпы инвестициялар көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

29,6

38,6

45,5

54,2

1.1

Шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

2,5

4,5

5,1

7,3

1.2

Отандық инвестициялар көлемі

млрд. теңге

27,1

28,5

40,4

46,9

1

2

3

4

5

6

7

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

53,9

72

147

253

3.

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%

0,1

0,3

0,3

0,3

4.

Қатысушылар саны

компаниялар

33

40

45

50

5.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

1500

3500

4200

5000

6.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

70

70

70

70

7.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында жалпы өндiрiс көлемiндегi өнiм экспортының үлесі

%

50

50

50

50

Полная версия
ИС BestProfi