1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы облысының Панфилов ауданының аумағында орналасқан.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Редакция 30.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
АЭА Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА-ның аумағы 608,56 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
1-тармақтың үшінш бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. АЭА:
1) шекара маңында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
2) экспортқа бағдарланған салаларды дамыту;
3) кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны жандандыру;
4) көлік инфрақұрылымын, туризмді және мәдени өзара іс-қимылды дамыту;
5) аумағында АЭА орналасқан Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында құрылады.
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Астана қаласында 2005 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісіммен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. АЭА-ны басқару
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. АЭА-ның аумағында салық салу
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
4. Кедендік реттеу
7. АЭА-ның аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
9. Еркiн кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
10. АЭА-ның аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық пошта алмасу орындары құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
11. АЭА-ның аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдалануы мүмкін.
12. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан тауарлар ретінде қаралады.
13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Қоршаған ортаны қорғау
14. АЭА қызметін жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделеді.
6. АЭА-ны тарату тәртібі мен мерзімдері
15. АЭА құрылған мерзімі аяқталған соң таратылады.
АЭА уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен таратылады.
7. Қорытынды ережелер
16. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
17. АЭА-ның осы Ережемен реттелген қызметi Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» Жалпы ауданы S = 608,56 Га
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Дағдарысты деңгей жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 802 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) Нысаналы индикаторлар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2021 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (22.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) Нысаналы индикаторлардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с № |
Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы) |
Өлшем бірлігі |
Базалық кезең 2019 жыл |
2021 жылға қарай қол жеткізу |
2026 жылға қарай қол жеткізу |
2031 жылға қарай қол жеткізу |
2036 жылға қарай қол жеткізу |
2041 жылға қарай қол жеткізу |
нысаналы индикатор |
нысаналы индикатор |
нысаналы индикатор |
нысаналы индикатор |
нысаналы индикатор |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: |
млрд. теңге |
55,5 |
196,1 |
316,1 |
436,1 |
490,1 |
520,1 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1.1 |
Шетелдік инвестициялардың көлемі |
млрд. теңге |
15,4 |
124,8 |
220,8 |
316,8 |
360 |
384 |
1.2 |
Отандық инвестициялардың көлемі |
млрд. теңге |
40,1 |
71,3 |
95,3 |
119,3 |
130,1 |
136,1 |
2 |
АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі |
млрд. теңге |
- |
- |
46 |
66 |
75 |
80 |
3 |
Қызметтің қосымша түрін жүзеге асыратын адамдар саны |
бірл. |
0 |
4 |
7 |
10 |
15 |
17 |
4 |
Қатысушылар саны (компаниялар) |
адам |
33 |
40 |
70 |
90 |
100 |
110 |
5 |
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны |
адам |
170 |
2 086 |
3 363 |
4 639 |
5 214 |
5 533 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
6 |
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі |
% |
- |
- |
14,5 |
14,5 |
14,5 |
14,5 |
7 |
Тауар тасымалының көлемі (экспорт, импорт, транзит) |
мың тонна |
39,4 |
45,5 |
67,8 |
78,3 |
90,2 |
100 |