1. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына 9-қосымша
Осы Бұйрық 9-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2017 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
«Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 01.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету күніне кірмейді, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы Мемлекеттік корпорацияға орындау мерзіміне бір күн қалғанда ұсынылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында үзіліссіз, сағат 9-00-ден 20-00-ге дейінгі көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекке тұруға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қазақстан Республикасының аумағында мәлімделген мамандық бойынша білімі туралы, интернатураны немесе резидентураны не клиникалық ординатураны (олар бар болса) бітіргені туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережелеріне сәйкес берілген құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;
4) шетелдік маман тұрған елде берілген мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практиканы жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
5) жалпы көлемі 108 сағаттан кем емес, соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттар;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8) жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары берген, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
9) білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (ол бар болса) өзгерткен тұлғалар үшін тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, некеге отырғаны немесе некені бұзу туралы куәлік;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген)Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларына сәйкесжүргізілетін Бағалаудың оң нәтижесі.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжатты жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжатты тұлғалар оқу орнын тәмамдаған күнінен бастап бес жыл өткенге дейін ұсынбайды.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген құжатты оқу орнын тәмамдаған жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
Осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген құжатты Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетел жұмысшылары ұсынбайды.
Осы тармақтың 10) тармақшасында көзделген құжатты лицензия не медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін өзге де құжаты болған жағдайда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елінің шетелдік мамандары ұсынбайды.
Шетел тілінде берілген құжатқа қосымша мемлекеттік немес орыс тілдерінде нотариалдық куәландырылған аудармасы ұсынылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының және (немесе) ішінде (мәліметтер) анық еместігі болса;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12185 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар, мәліметтер мен ақпараттардың сәйкестігі болса;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым жазбаша түрде пошта бойынша не электронды түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (шағымның қаралу барысы, сондай-ақ жауап алу мерзімі мен орны туралы ақпарат алу үшін лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып) көрсетілген талонды бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. Мемлекеттік корпорацияның үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.03.2018 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес (10.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған, Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
Маман сертификаты
____________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) ____________________________________________________________________ (номенклатура бойынша мамандық) мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберуге рұқсат беру үшін осы маман сертификатын алды. Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20_____ жылғы «___»_____________ № _____ бұйрығы Сертификат 20 ____ жылғы « ___» ____________ дейiн жарамды Тiркеу № ___________ Берiлген күнi 20__ жылғы «__»___________ Басшының қолы______________ Мөр орны
«Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
нысан
Кімге___________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
кімнен______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
пошталық мекенжайы ______________
контактылы телефон _______________
Маман сертификатын алу туралы өтініш
Қазақстан Республикасының аумағында денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеу үшін_____________________________________________________ _____________________________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының атын көрсету) медициналық мамандық бойынша_________________________________________ (медициналық мамандықты көрсету) клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруді сұраймын.
Денсаулық сақтау ұйымы туралы мәліметтер: 1. Меншік нысаны _____________________________________________ 2. Ұйымның мекенжайы__________________________________________ (облыс, қала, аудан, көше, үйдің №, телефон) _____________________________________________________________________ 3. Филиалдары, өкілеттіліктері __________________________________ (орналасқан жері) Өтінішке қоса беріліп отырған құжаттар (саны және атауы): _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Шетелдік маман __________________ ____________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) «__» ______________ 20__ ж.
Полная версия