Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 қазанда № 15838 болып тіркелді
Редакция 23.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
 ________________Д. Абаев
2017 жылғы 11 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
 ________________Ж. Қасымбек
2017 жылғы 11 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ________________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 тамыз
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 233 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2009 жылы № 10 болып жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде:
реттік нөмірі 1508-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi