«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15774 болып тіркелді
Редакция 31.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ________________ Д. Абаев 2017 жылғы 11 қыркүйектегі
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 17 тамыздағы
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ________________ Қ. Бозымбаев 2017 жылғы 18 тамыздағы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.12.2018 жылғы № 870 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10427 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 наурызда жарияланған):
Полная версия