Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 650 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ағымдағы ұшу жоспары – кейінгі диспетчерлік рұқсаттарға негізделген ықтимал өзгерістерді қоса алғандағы ұшу жоспары;
1-2) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут. «ӘҚҚ маршруты» термині тиісті жағдайларда әуе трассасын, бақыланатын немесе бақыланбайтын маршрутты, ұшып келу немесе ұшып шығу маршрутын және басқа да маршруттарды айқындау үшін пайдаланылады;»;
«11) әуеайлақ ауданы (тораптық диспетчерлік аудан (Terminal control area (ТMA) – бір немесе бірнеше ірі әуеайлақ маңында ӘҚҚ маршруттарының түйісу орнында құрылатын диспетчерлік аудан;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) әуеайлақтағы қозғалыс аймағы (Aerodrome Traffic Zone) –әуеайлақтағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген, әуеайлақ маңындағы белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) диспетчерлік аудан (CTА) – жер бетінде белгіленген шекарадан жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;
16-2) диспетчерлік аймақ (CTR) – жер бетінен белгіленген жоғарғы шекараға дейін жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) жауап бергіштің (транспондердің) міндетті түрде болуы талап етілетін әуе кеңістігінің аймағы (TMZ) – белгіленген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын бақылау жүйесіне арналған жауапкердің әуе кемесін міндетті жабдықтау талап етілетін ұшу кезіндегі белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігінің аймағы;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi