Близость слов: Окончание:





Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 –  2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 645 Қаулысы
Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.11.2018 жылғы № 738 Қаулысына сәйкес (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Астана қаласын негізгі отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 –  2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.11.2018 жылғы № 738 Қаулысына сәйкес (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жол картасының тиiсінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жол картасының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын, 10 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жол картасының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2018 жылғы 13 қазандағы
 № 645 қаулысымен
 бекітілген
Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасы
Жол картасы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.11.2018 жылғы № 738 Қаулысына сәйкес (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында 1 032,5 мың адам тұрады. Халықтың азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне қажеттілігі ең төменгі нормалар бойынша шамамен 635 мың тоннаны құрайды.
Қаланың қажеттілігі Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі аймағынан, еліміздің басқа өңірлерінен өндіру және жеткізу, сондай-ақ импорт есебінен өтеледі.
Азық-түлік белдеуі аймағына Ақмола облысының 17 ауданы (Аршалы, Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Біржан сал, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Сандықтау, Шортанды, Бурабай) және Қарағанды облысының 4 ауданы (Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров) кіреді.
1-кесте. Азық-түлік белдеуі аймағы есебінен Астана қаласын азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету теңгерімі
Өнімнің атауы Жылына 1 адамға ең төменгі норма,
кг
Ең төменгі норма бойынша Астана қаласының қажеттілігі, тонна Өзінің тұтынуын шегергенде азық-түлік белдеуі аймағы есебінен Астана қаласының қамтамасыз етілу әлеуеті, тонна Астана қаласын қамтамасыз ету үшін қажетті көлем, тонна Азық-түлік белдеуі аймағы есебінен қамтамасыз етілу,
%
1 2 3 4 5 6
Ұн 13 13 422 402 651,00 0 2000
1 2 3 4 5 6
Макарон өнімдері 4,41 4 553 26 461,00 0 581
Нан 70,72 73 017 73 017,00 0 100
Жылқы еті 3,2 3 304 10 634,90 0 236
Сиыр еті 4,15 15 487 32 064,50 0 119
Шошқа еті 9 9 292 18 305,00 0 107
Құс еті 5 5 162 27 097,90 0 437
Жұмыртқа* 142 146 611 1 378 143,70 0 852
Картоп 95 98 085 500 290,50 0 430
Асханалық қызылша 5 5 162 27 033,80 0 438
Қияр 5 5 162 16 935,00 0 259
Қызанақ 5 5 162 16 205,70 0 248
Қышқыл сүт өнімі 3,2 3 304 2 398 865 73
Сәбіз 20 20 650 13 144 7 830 64
Қой еті 6,3 6 505 680 5 799 10
Өңделген сүт 84,5 87 244 34000** 53 244 39
Сары май 7 4 584 1300** 3284 28
Ірімшік және сүзбе 7,23 7 465 4850** 2615 65
Аққауданды қырыққабат 25 25 812 2200** 23 612 8
Шұжық 3 3 097 2000** 1097 64
Балық 8,4 8 400 0 8 387 0
Пияз 20 20 000 0 19 982 0
Алма 25 25 000 0 24 927 0
Күнбағыс майы 7 7 000 0 7 000 0
Күріш 8,5 8 776 0 8 776 0
Қарақұмық жармасы 2 2 065 0 2 065 0
Шай 0,67 692 0 692 0
Қант 18 18585 0 18585 0
Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті және Ақмола облысының әкімдігі**
Осылайша, жоғарыда көрсетілген кестеге сүйенсек, Астана қаласы азық-түлік тауарларының 16 түрімен қамтамасыз етілмеген.
Бұл тауар позицияларын 2 топқа бөлуге болады:
1-топ, азық-түлік белдеуі аймағында өндіруге болатын тауарлар (қышқыл сүт өнімдері, өңделген сүт, сары май, ірімшік және сүзбе, аққауданды қырыққабат, сәбіз, қой еті, шұжық);
2-топ, табиғи-климаттық және экономикалық себептерге байланысты азық-түлік белдеуі аймағында өндіру орынсыз тауарлар (пияз, алма, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық жармасы, шай, қант).
2. Астананы азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету шаралары
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысымен (12.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Азық-түлік белдеуі аймағында бірінші топқа кіретін тауарлар өндірісін дамыту үшін қаланың және Астана қаласынан 300 км радиуста жақын жатқан аудандардың қолда бар өндірістік әлеуеті қолданылатын болады, бұл өңдеуші қуаттарды жүктеуге және астана халқын отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Республиканың басқа өңірлерінен екінші топқа кіретін азық-түлік тауарларының негізгі түрлерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін үкіметтік емес ұйым атынан "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) арқылы әр өңірде "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушыларды" іріктеу тетігі енгізілетін болады. Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесі берілетін болады, бұл оларға коммуналдық базарларды қоса алғанда, өткізу нарықтарына қол жеткізуде басымдыққа ие болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, астананың азық-түлік белдеуіне қатысушыларға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес акционерлік қоғамдарынан кредит алуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, тауар өндірушілер өз өнімдерін астананың нарықтарына жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі болады.
Сауда-логистика инфрақұрылымын дамыту үшін Астана қаласында көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) құрылатын болады, ол көптеген делдалдар мен олардың алыпсатарлық баға белгілеуі проблемаларының шешімі болмақ. КТО-ның негізгі функциясы жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көтерме сатып алушылар нарығына тікелей шығуға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл тауарларды нарықтық әділ бағамен сатуға жәрдемдесіп қана қоймай, сонымен қатар өндірушінің тауарларды сақтауға жұмсайтын шығындарын азайтады, тауар айналымын ұлғайтады. Бұдан басқа, мұндай орталықтың жұмыс істеуі өндірушінің нарық конъюнктурасы туралы білімін арттыруға мүмкіндік береді және нәтижесінде өндірістің тауарларға арналған сұранысқа тез бейімделуіне ықпал ете алады.
Нарықты сәйкес келмейтін өнімдерден қорғау бойынша зерттеулер жүргізу көлемін ұлғайту, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған фактілер туралы БАҚ-та жариялай отырып, әкелінетін және өндірілетін өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
3. Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы
"Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1. Астана қаласының әкімдігі жыл сайын желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласының халқын негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жолдайды, сондай-ақ оны Астана қаласы әкімдігінің сайтында орналастырады. Аталған ақпарат облыстардың әкімдіктерін және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың кәсіпкерлер палаталарын (бұдан әрі – өңірлік палаталар) хабардар ете отырып, азық-түлік тауарларының жетіспейтін көлемін жеткізу үшін олардың жыл сайынғы тапшылығын қамтуы тиіс.
2. Облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері атынан ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) өңірлік палаталармен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің сайтында ақпарат орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өздерінің ресми сайттарында қажетті азық-түлік тауарларының тізбесін және кейіннен Астана қаласының азық-түлік базарларына жеткізу үшін олардың көлемін орналастырады. Азық-түлік тауарларының тізбесі Астана қаласы әкімдігінің сайтына орналастырылған жетіспейтін азық-түлік тауарлары жөніндегі ақпаратқа сәйкес келуі тиіс.
3. "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін берудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік палаталар облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының деңгейінде арнайы комиссиялар (бұдан әрі – комиссия) құрады.
4. Комиссия құрамы тақ болуы және бес адамнан кем болмауы тиіс, сондай-ақ басқарманың, өңірлік палаталардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өңірлік қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерінен тұруы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
5. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте, шешім қабылдау үшін кворум комиссияның кемінде бес мүшесінен тұруы тиіс.
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін алу үшін комиссияға мыналарды ұсынады:
1) осы Жол картасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне қосуға өтініш;
2) тауарлар жеткізу туралы жасалған шарттардың көшірмелері, олар болмаған жағдайда ниет туралы жасалған шарттардың көшірмелері;
3) өндірілетін өнімдердің сапасына сәйкестік сертификаттарының, ISO 9001, ISO 22000, ХАССП (HACCP) халықаралық стандарттарын енгізуге сәйкестік сертификаттарының олар болған жағдайда көшірмелері.
7. Осы бөлімнің 6-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, комиссия өтінішті қабылдамайды.
8. Құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда, комиссия 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Жол картасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қосу туралы шешім қабылдайды.
9. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні тізілімге қосу оған автоматты түрде "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін береді.
10. Өңірлік палаталар комиссияның шешімі мен тізілімді қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресми сайттарында орналастырады.
11. "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылар" тауарлар жеткізу туралы және/немесе ниет туралы шарттар бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда, Астана қаласының әкімдігі комиссияға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні тізілімнен алып тастау туралы ұсынымдары бар хат жолдайды.
Комиссия 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тізілімнен алып тасталған жағдайда, комиссия алып тасталған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде бұл туралы оны жазбаша түрде хабардар етеді.
4. Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
4-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысымен (12.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с
Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6
Азық-түлік белдеуі аймағында өндірісті дамыту
Астана қаласына жақын жатқан аудандарда сүт өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету
1. Жалпы мал саны 1200 бастан тұратын 4 тауарлық сүт фермасын құру 1200 мал басына арналған 4 тауарлық сүт фермасы 2020 – 2021 жылдары Ақмола облысының әкімдігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
2. Жалпы мал саны 2400 бастан тұратын тауарлық сүт фермасын құру 2400 мал басына арналған тауарлық сүт фермасы 2020 – 2021 жылдары Ақмола облысының әкімдігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты
3. Жалпы мал саны 600 бастан тұратын 2 тауарлық сүт фермасын құру 600 мал басына арналған 2 тауарлық сүт фермасы 2020 жылы Қарағанды облысының әкімдігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты
4. Жалпы мал саны 400 бастан тұратын 7 тауарлық сүт фермасын құру 400 мал басына арналған 7 тауарлық сүт фермасы 2020 жылы Қарағанды облысының әкімдігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты
5. Жалпы мал саны 500 бастан тұратын 2 тауарлық сүт фермасын құру 500 мал басына арналған 2 тауарлық сүт фермасы 2021 жылы Қарағанды облысының әкімдігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
Астана қаласына жақын орналасқан аудандарда ет өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету
6. Қуаты жылына 5 мың тонна болатын ет өңдеу кешенін салу ет өңдеу кешені 2018 – 2019 жылдары Ақмола облысының әкімдігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты
1.3. Астана қаласына жақын орналасқан аудандарда көкөніс өндіруді қамтамасыз ету
7. Астана су қоймасы аймағындағы суармалы жерлерді қалпына келтіру суармалы жерлер 2019 – 2020 жылдары Ақмола облысының әкімдігі талап етілмейді
8. "Нұра-Есіл" каналы бойынша суармалы жерлерді қалпына келтіру суармалы жерлер 2019 – 2020 жылдары Ақмола облысының әкімдігі талап етілмейді
9. Қ. Сәтпаев атындағы каналдан Тұзды су қоймасына 10 млн. м3 көлемінде су жіберуді жүзеге асыру суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту 2019 – 2020 жылдары АШМ,
Қарағанды облысының әкімдігі
254/102 "Табиғат қорғау мақсатында су жіберуді жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
10. Көкөніс отырғызылатын алаңдарды 235 гектарға ұлғайту көкөніс отырғызылатын алаңдарды кеңейту 2019 – 2020 жылдары Қарағанды облысының әкімдігі талап етілмейді
11. Суармалы жерлер алаңын ұлғайту үшін жаңбырлатып суарудың суландыру жүйелерін құру және кеңейту (29 жоба) жаңбырлатқыш машиналар 2019 – 2021 жылдары Ақмола
облысының әкімдігі
шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты
12. Суармалы жерлер алаңын ұлғайту үшін жаңбырлатып суарудың суландыру жүйелерін құру және кеңейту (29 жоба) жаңбырлатқыш машиналар 2019 – 2021 жылдары Қарағанды облысының әкімдігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты
2. Астана қаласы нарығына өңірлерден келетін азық-түлік тауарларының тұрақты жеткізілімдерімен қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау
13. "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесі бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Астана қаласы базарларына өндірілген өнімді өткізу бойынша міндеттемелерді қарыз алу шартында бекіте отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өндіру үшін қаржыландыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақұлданған және қаржыландырылған өтінімдері бойынша есеп жыл сайын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының өз қаражаты және қарыз қаражаты
14. Республика өңірлерінің қатысуымен Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жәрмеңкелер жыл сайын Астана қаласының әкімдігі талап етілмейді
3. Тамақ өнімдерінің негізгі түрлерін дайындау, сақтау және өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру
15. Астана қаласында көтерме-тарату орталығын салу үшін кемінде 20 гектар жер учаскесін бөлу Астана қаласында көтерме-тарату орталығын салуға арналған жер учаскесі 2018 – 2019 жылдары Астана қаласының әкімдігі талап етілмейді
4. Нарықты сәйкес келмейтін өнімдерден қорғау
16. Астана қаласының сауда желісінде өткізілетін мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің әкелінетін және өндірілетін негізгі әлеуметтік маңызы бар топтарының қауіпсіздігін мониторингтеуді күшейту өнімдерді іріктеу қорытындылары және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу 2018 – 2019 жылдары ДСМ ҚДСК, АШМ талап етілмейді
17. Облыстардың және қалалардың Астана қаласының сауда желілеріне өндірілетін тамақ өнімдерін жеткізетін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын бақылауды жүзеге асыру ерекше тәртіп бойынша тексерулер қорытындылары 2018 – 2019 жылдары ДСМ ҚДСК талап етілмейді
18. Сәйкес келмейтін тамақ өнімдері анықталған кезде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың жедел өзара іс-қимылы құзыреті бойынша уәкілетті органға сәйкес келмейтін өнім анықталғаны туралы ақпарат жыл сайын АШМ, ДСМ, ИДМ ТРМК, ІІМ,
Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері,
"Атамекен" ҚР ҰКП (келісім бойынша)
талап етілмейді
19. Сапасыз және қауіпті өнім анықталған жағдайлар туралы БАҚ-та ұдайы жариялап тұру БАҚ-қа ақпарат
(құзырет жөніндегі уәкілетті орган)
жыл сайын
фактілердің анықталуына қарай
АШМ, ДСМ, Астана қаласының әкімдігі талап етілмейді
5. Мемлекеттік қолдау шаралары
20. Осы Жоспардың 1-5 және 11-12-тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу бойынша субсидиялау субсидиялау 2019 – 2021 жылдары Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері 050 "Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу"
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
21. Осы Жоспардың 1-5- тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау субсидиялау 2020 – 2021 жылдары Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері 056 "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау"
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
22. Осы Жоспардың 1-5-тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жұмсалатын шығындар құнын субсидиялау субсидиялау 2020 – 2021 жылдары Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері 053 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау"
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДСМ ҚДСК - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті;
ИДМ ТРМК – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті;
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы;
"Атамекен" ҚР ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Астана қаласының азық-түлік
 белдеуін қалыптастыру жөніндегі
 2018 – 2021 жылдарға арналған
 жол картасына
 1-қосымша
Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне қосуға өтініш 
Кімге: _____________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік палатасының атауы)
_____________________________________________________________________
________________________________________________негізінде әрекет ететін,
кімнен______________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне қосуды сұрайды.
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_________________________________________________ ___________________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы )
Астана қаласының азық-түлік
 белдеуін қалыптастыру жөніндегі
 2018 – 2021 жылдарға арналған
 жол картасына
 2-қосымша
Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізілімі
Р/с
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің орналасқан жері Қызмет түрі ЭҚЖЖ
коды
Жеткізілетін тауарлардың атауы Жеткізілетін тауарлардың көлемі
(мың тонна)
1.            
2.            
3.            
Полная версия
ИС BestProfi