Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 74-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесi
Осы Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын iске асыру мақсатында уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер әлемi және жануарлар дүниесi.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітілген қару-жарақ, әскери техника және арнайы құралдар.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.03.2021 жылғы № 136 Қаулысына сәйкес (06.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Магистральды темiржол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, теңіз терминалдары.
5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы (медициналық техника сатып алу және оған сервистік қызмет көрсетуді қоспағанда), апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.