Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 23 қазандағы
№ 356 бұйрығына
2-қосымша
Редакция 24.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты

________________________

«____» ___________ 20___ ж.

(шарт жасасу орны)

(шарт жасасу күні)

_________________________________, «____» __________ _____ж. № _______

(энергия беруші ұйымның атауы)

лицензияға сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асырушы,

бұдан әрі Сатушы деп аталатын, ________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

атынан, _____________________________ негізінде әрекет етуші, бір жағынан

және бұдан әрі Тұтынушы _____________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

немесе _______________________________________________ негізінде әрекет

етуші оның өкілі______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

бұдан әрі Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есептік кезең – тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;
2) тұтынушы – шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесі – электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);
5) электр энергиясын сату нүктесі – энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.
Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей электр желілеріне қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.
3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу
4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есептік жолмен анықталады.
5. Электр энергиясын рұқсатсыз тұтынуға жол бермеу мақсатында электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның пломбалары болуға тиіс.
6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.
7. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.
8. Тұтынушы кезекті жылға электр энергиясын тұтыну шамасын анықтау үшін жеткізу жылының алдыңғы жылы басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім береді.
4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеудің тәртібі
9. Тұтынушылар төлем құжатын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде немесе Тұтынушы мен Сатушы арасындағы келісім бойынша Шартта келісілген мерзімде төлемді өтейді. Заңды тұлға болып табылатын Тұтынушы алдыңғы айдың 26-күніне (жиырма алтысына) дейін осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда электр энергиясын жеткізу туралы алдын ала өтінімді Сатушыға береді және келіседі. Егер төлемнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда ең жақын келесі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
Смарт-картасы бар коммерциялық есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.
10. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.
10-1. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Үлгілік шарты 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-2. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.
Үлгілік шарты 10-2-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда интернет-ресурс арқылы ғана алуға жол беріледі.
10-3. Тұтынушылар кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алады.
Үлгілік шарты 10-3-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері
11. Тұтынушы:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;
2) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты залалды өтеуді талап етуге;
3) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
4) тұтынылған электр энергиясы үшiн ақы төлеуді сараланған тариф бойынша жүргiзуге;
5) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
6) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;
7) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.
1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
4)жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.
6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері
13. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы:
1) Тұтынушы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін шарттың акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен Тұтынушыны ескерте отырып:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;
шартта белгіленген электр тұтыну режимі бұзылған жағдайларда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;
2) шартты жасаумен немесе орындаумен байланысты даулы мәселелер туындағанда сотқа жүгінуге құқылы.
14. Сатушы:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беруге;
2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;
3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен төлемегені үшін электр энергиясын беру тоқтатыла тұрғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;
4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;
5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге;
Бұл ретте Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;
6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;
7) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарланған тоқтатылғаны туралы тұтынушыны ажыратқанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге;
8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.
15. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.
16. Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды.
17. Тараптар өздерінің атаулары, заңды мекенжайлары, нақты тұрғылықты жерінің және осы Шарт талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы бір-біріне жедел түрде хабарлауға міндеттенеді.
18. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған және бір жыл мерзімге жарамды болып есептеледі..
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.
18. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды. Өзара келіспеген жағдайда, даулы мәселелерді шешу осы Шартты орындау орны бойынша сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
19. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.
9-тарау. Тараптар деректемелері
9-тарау жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.02.2020 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Сатушы

Тұтынушы

_________________________

______________________

_________________________

______________________

_________________________

______________________

Электр энергиясын тұрмыстық емес
мұқтаждар үшін пайдаланатын
тұтынушыларға арналған электрмен
жабдықтаудың үлгілік шартына
1-қосымша
Коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесі

р/р

Атауы

Есептеуіш типі

Зауыттық нөмірі

Ток

трансформаторлары

Коэффициентті

есептеу

1

2

3

4

5


 


 


 


 


 


 


 

Энергия беруші (энергия өндіруші) Тұтынушы:
Электр энергиясын тұрмыстық емес
мұқтаждар үшін пайдаланатын
тұтынушыларға арналған электрмен
жабдықтаудың үлгілік шартына
2-қосымша
Нысан
Электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім
  Мен,_______________________________, Сізден электр энергиясын____________ көлемде___________ аралығында алдын ала беруіңізді сұраймын.

п/п

Айлар

кВт.сағ

Цифрмен

Жазбаша

1

Қаңтар


 


 

2

Ақпан


 


 

3

Наурыз


 


 

4

Сәуір


 


 

5

Мамыр


 


 

6

Маусым


 


 

7

Шілде


 


 

8

Тамыз


 


 

9

Қыркүйек


 


 

10

Қазан


 


 

11

Қараша


 


 

12

Желтоқсан


 


 


 

Барлығы


 


 

Энергия беруші (энергия өндіруші) Тұтынушы:
Полная версия
ИС BestProfi