Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 786 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 11 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 147 Қаулысына сәйкес
1. «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 703-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«9. Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 18 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 786 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен бекітілген
Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері
|
Р/с № |
Халықаралық спорттық жарыстардың атауы |
Иеленген орын |
Спортшыны теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері |
Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары |
1-орын |
250000 |
250000 |
|
2-орын |
150000 |
150000 |
||
|
3-орын |
75000 |
75000 |
||
|
4-орын |
30000 |
30000 |
||
|
5-орын |
10000 |
10000 |
||
|
6-орын |
5000 |
5000 |
||
|
2. |
Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша |
1-орын |
15000 |
10000 |
|
2-орын |
7000 |
5000 |
||
|
3-орын |
5000 |
3000 |
||
|
олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша |
1-орын |
2300 |
2300 |
|
|
2-орын |
1800 |
1800 |
||
|
3-орын |
1100 |
1100 |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
3. |
Жазғы, қысқы Азия ойындары, Параазия ойындары |
1-орын |
10000 |
5000 |
|
2-орын |
5000 |
3000 |
||
|
3-орын |
3000 |
2000 |
||
|
4. |
Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада |
1-орын |
15000 |
15000 |
|
2-орын |
10000 |
10000 |
||
|
3-орын |
5000 |
5000 |
||
|
5. |
Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары |
1-орын |
10000 |
5000 |
|
2-орын |
5000 |
3000 |
||
|
3-орын |
3000 |
2000 |
||
|
6. |
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты |
1-орын |
2300 |
2300 |
|
2-орын |
1400 |
1400 |
||
|
3-орын |
900 |
900 |
||
|
7. |
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) Әлем чемпионаты |
1-орын |
3500 |
3500 |
|
2-орын |
2300 |
2300 |
||
|
3-орын |
1100 |
1100 |
||
|
8. |
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату |
|
5000 |
3000 |

