Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 16073 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.12.2022 жылғы № 227-нқ Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 506) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 27.07.2021 жылғы № 110-нқ Бұйрығына сәйкес (30.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мынадай Келесі ққұрылыстағы баға белшідеу белгілеу бойынша нормативтік құжаттар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 11.05.2018 жылғы № 102-нқ Бұйрығына сәйкес (12.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 30.07.2020 жылғы № 110-НҚ Бұйрығына сәйкес (14.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы құрылыс объектілерін пайдалануға беру кезінде іске қосу-баптау жұмыстарының сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат бекітілсін.
2. «Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11905 болып тіркелген, 2015 жылы 25 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.