Близость слов: Окончание:





 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 117-VІ  
2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім: «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, кедендік баждар, салықтар мен алымдар төленбей, Қазақстан Республикасының кеден аумағына бұрын әкелінген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасына қайтарылған жағдайда, Қазақстан Республикасы өзін Келісімнің 13-бабы 1-тармағының ережесімен байланысты деп есептемейді.» деген ескертпемен ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Полная версия
ИС BestProfi