Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 16057 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) бекітілсін.
1) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 маусымда № 94 (2276) «Заң газетінде» жарияланған);
2) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9982 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Үлгілік біліктілік сипаттамаларының 2-тарауының 6-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін
атқарушының
2017 жылғы 25 қазандағы
№ 360 бұйрығымен
бекітілген
Біліктілік сипаттамаларының жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.09.2022 жылғы № 388 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2019 жылғы № 663 Бұйрығымен (25.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.04.2020 жылғы № 121 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.08.2021 жылғы № 280 Бұйрығымен (02.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығымен (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Біліктілік сипаттамалары өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.09.2022 жылғы № 388 Бұйрығымен (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2023 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (26.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)