1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 24-баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші абзацын;
Данный документ находится в процессе изменения
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VІ
Құжат мәтініндегі «мүгедектерді», «мүгедекке», «мүгедек», «мүгедек бала», «мүгедек баланың» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар баланың» деген сөздермен; «I немесе II топтағы», «I, II немесе III топтардағы» деген сөздер тиісінше «бірінші немесе екінші топтағы», «бірінші, екінші немесе үшінші топтардағы» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.07.2022 № 135-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі):
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 131, 133-баптардың, 16-тараудың, 150 және 433-баптардың тақырыптарын, 19-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігін, 22-баптың 9 және 10-тармақтарын, 48-баптың 9-тармағының 6) тармақшасын, 67-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын, 82-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 83-баптың 1-тармағының екінші бөлігін, 97-баптың 5-тармағының төртінші абзацын, 114-баптың 2-тармағының 14) тармақшасын, 116-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 121-баптың 2-тармағын, 123-баптың 7-тармағын, 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 131, 133-баптарды, 16-тарауды, 145-баптың 6-тармағын, 150-бапты, 152-баптың 4-тармағын, 190-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, 433-бапты, 434-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің үшінші абзацын;
2-тармақша өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (08.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 176-баптың тақырыбын, 1-баптың 1-тармағының 63) және 71) тармақшаларын, 11-баптың екінші бөлігін, 69-баптың 3-тармағының 7) тармақшасын, 140-баптың 6-тармағын, 142-баптың 1-тармағының 15) тармақшасын, 176-бапты, 215-баптың 6-тармағын, 484-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын, 678-баптың 2-тармағын, 709-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;
3-тармақша өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (08.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 23, 72-баптардың тақырыптарын, 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын және 2-тармағының 15) тармақшасын, 23-бапты, 24-баптың бірінші бөлігі 13) тармақшасының бірінші бөлігінің үшінші абзацын және 14) тармақшасын, 26-баптың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарын, 30-баптың 1-тармағының 15), 16) және 17) тармақшаларын, 69-баптың 5-тармағын, 72-бапты, 73-баптың 1-тармағының 6) тармақшасын, 11-тараудың 2-параграфын, 114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын, 208-баптың 5-тармағын, 209-баптың 4-тармағын, 5-тармағының 5) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын, 212-баптың 5-тармағын, 412-баптың 5-тармағының 12) тармақшасын, 630 – 632-баптарды, 633-баптың 1–3-тармақтарын, 4-тармағының 1) – 4), 6) және 7) тармақшаларын, 5 және 6-тармақтарын, 634-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) – 3) тармақшаларын, 3 – 5-тармақтарын, 635-бапты;
1-бап 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2020 жылғы 382-VI Заңымен (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 11-тараудың 2-параграфының, 636 – 643-баптардың тақырыптарын, 11-тараудың 2-параграфын, 215-баптың 6-1-тармағын, 633-баптың 4-тармағының 5) тармақшасын, 634-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын, 636 – 643-баптарды қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
1-бап 5-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.12.2020 жылғы 382-VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 69-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы, 82-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 116-бабының 8-тармағы, 121-бабының 8-тармағы, 215-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы, 225-бабы 2-тармағының 24) тармақшасы, 250-бабының 8-тармағы, 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 372-бабы 5-тармағының 34) тармақшасы, 394-бабының 14) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) Салық кодексінің мазмұнындағы 9-тараудың 4-параграфының, 539 және 540-баптардың, 17-бөлімнің тақырыптары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші бөлігі, 74-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы, 9-тарауының 4-параграфы, 88-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшалары, 189-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 222-бабының 3-тармағы, 228-бабының 9-тармағы, 229-бабының 5-тармағы, 232-бабының 3 және 4-тармақтары, 5-тармағының 11) тармақшасы, 233-бабы 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабы 1-тармағының төртінші бөлігі, 4-тармағы, 293-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 4-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 32) және 33) тармақшалары, 510-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, 521-бабы 3-тармағының 11) тармақшасы, 539 және 540-баптары, 17-бөлімі, 645-бабы 9-тармағының 13) және 14) тармақшалары, 654-бабының 11) және 12) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3) Салық кодексінің 26-бабының 12-тармағы, 189-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 341-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 28) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.12.2020 жылғы 382-VI Заңына сәйкес (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Салық кодексінің 427 және 428-баптары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.12.2021 жылғы № 85-VII Заңына сәйкес (24.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы, 293-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы, 636-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары және екінші бөлігі, 77-1-тарауы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.12.2020 жылғы 382-VI Заңына сәйкес (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Салық кодексінің мазмұнындағы 292-баптың тақырыбы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 225-бабы 2-тармағының 25) және 27) тармақшалары, 232-бабының 2-тармағы, 5-тармағының 9-1) тармақшасы, 241-бабы 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабының 1-тармағының төртінші бөлігі, 2-тармағы, 264-бабының 20) тармақшасы, 288-бабы 2-тармағының 10) тармақшасы, 292-бабы, 300-бабының 11-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 15) және 16) тармақшалары, 319-бабы 2-тармағының 19), 20) және 42) тармақшалары, 394-бабының 41) тармақшасы, 407-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары, 616-бабының 29) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
6-тармақша өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 6-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.12.2020 жылғы 382-VI Заңына сәйкес (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақша өзгертілді ҚР 12.12.2023 жылғы № 45-VIII Заңымен (20.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 37) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«37) мұнайды дайындау – мұнайды дайындайтын технологиялық процестердің кешені, оның ішінде жинау, дайындауға жеткізу, ұңғыма сұйықтығының өлшегіш қондырғыларға түсуі, газсыздандыру, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру, демеркаптанизациялау;»;
2) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 60) және 73) тармақшаларының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
2-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 № 287-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«60) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдардың реттілігі;»;
Полная версия