1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 23.02.2021 № 11-VII Заңына сәйкес (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Құжат мәтініндегі «жергілікті қамту», «жергілікті қамтудың», «жергілікті қамтуды», «жергілікті қамтуының», «жергілікті қамтуға» деген сөздер тиісінше «елішілік құндылық», «елішілік құндылықтың», «елішілік құндылықты», «елішілік құндылығының», «елішілік құндылыққа» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 10.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛІК І БӨЛІМ. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы
1-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заңдардың жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
1-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 28.12.2023 жылғы № 52-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Осы Кодекс пен жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін нормаларды қамтитын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарға олар осы Кодекстің нормаларымен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс жер қойнауын пайдалану режимін, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге асыру тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың туындау, оларды жүзеге асыру және тоқтату, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы мен олардың тиісті операцияларды жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету мәселелерін және жер қойнауы ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да қатынастарды айқындайды.
2. Жерді, су ресурстарын және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тиісті табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау режимін айқындайтын Қазақстан Республикасының жер, су және экологиялық заңнамасына сәйкес реттеледі.
3. Мемлекет, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары осы Кодекспен реттелетін қатынастарға қатысушылар болып табылады.
4. Егер осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады және олардың міндеттері болады.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша сатып алуды «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
2-бап 5-тармақпен толықтырылды ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңына сәйкес (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаты мемлекеттің және қоғамның әл-ауқатының экономикалық өсуі үшін Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын қорғау;
1. Қатысу үлестері, пайлар, акциялар және үлестік қатысудың басқа да нысандары, сондай-ақ көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша, уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы меншік құқығын растайтын не акцияларға, қатысу үлестеріне, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына айырбасталатын бағалы қағаздар жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылады.
Қатысу үлестері, пайлар, акциялар және үлестік қатысудың басқа да нысандары, сондай-ақ меншік құқығын растайтын не осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлға қабылдайтын шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы немесе өзге де ұйымдағы акцияларға, үлестерге, пайларға және қатысу үлесінің басқа да нысандарына айырбасталатын бағалы қағаздар да жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер деп танылады.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын биржа қорында айналымда жүрген, базалық активі акциялар болып табылатын туынды қаржы құралдарын қоса алғанда, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген бағалы қағаздарды тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғалардағы және ұйымдардағы акциялар, қатысу үлестері, пайлар және үлестік қатысудың басқа да нысандары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып танылмайды.
3. Егер заңды тұлға немесе ұйым осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды және үлестік қатысулардың басқа да нысандарын бір мезгілде иеленсе, осындай тұлғадағы немесе ұйымдағы акциялар, қатысу үлестері, пайлар және үлестік қатысулардың басқа да құралдары жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер деп танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындау мүмкіндігін белгілеу үшін осы баптың 2-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылмайтын акциялар, қатысу үлестері, пайлар және үлестік қатысудың басқа да нысандары ескерілмейді.
3-тармақ өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
42-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы
1. Мыналар:
1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, оның ішінде заңды тұлға таратылған жағдайда оларды иеліктен шығару, сондай-ақ оларды салым ретінде заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жарғылық капиталына енгізу;
2) жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілерден, оның ішінде кепілге салу кезінде өндіріп алу;
3) жаңа қатысушыны, пайшыны қабылдау немесе акцияларды орналастыру нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге құқықтың туындауы;
4) заңды тұлға қайта құрылған кезде тапсыру актісі немесе бөлу теңгерімі негізінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы;
5) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің мұрагерлік тәртіппен ауысуы;
6) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығару жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы деп танылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығару деп Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында осындай объектілерді сатып алу туралы ұсыныс жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында акцияларды орналастыру танылады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алған немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды айналымға шығаруды жүзеге асырған тұлға құзыретті органды жүзеге асырылған сатып алу туралы немесе тиісінше, жүзеге асырылған айналымға шығару туралы сатып алу немесе осындай айналымға шығару күнінен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етуге міндетті.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін қатысу үлестері, акциялар, пайлар және үлестік қатысулардың басқа да құралдары иесінің өзгеруі не соттың шешімі, заң бойынша мұрагерлік, қатысу үлесін өтеу, тәркілеу және өзге де оқиғалар немесе мемлекеттік органдардың, үшінші тұлғалардың құқық қатынастары субъектісінің еркіне байланысты емес әрекеттері негізінде олардың арақатынасының өзгеруі жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы деп танылмайды.
43-бап. Мемлекеттің басым құқығы
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған жаңадан жасалатын және бұрын жасалған келісімшарттарда мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 28.12.2023 жылғы № 52-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналар:
Полная версия