1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15594 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 31 тамызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 қаңтарда № 16169 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
«4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.»;
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»;
«1. Осы Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) оларды пайдаланушыларға ұсыну мақсатында Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемі, мерзімділігі, мерзімдері мен оларды жасау және ұсыну тәртібін белгілейді.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«40. 100 «Кірістер – барлығы» жолы 010, 021, 030, 040-жолдарының сомасын көрсетеді.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«015 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер» (6034 қосалқы шоты) жолы бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға арналған трансферттер бойынша бюджеттік қаржыландыру сомасы көрсетіледі.»;
«136 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер» (7250 шоты) жолы бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілген трансферттер бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган шығыстарының сомасы көрсетіледі.»;
«060 «Өзге түсiмдер» жолы бойынша басқа ақшалай мемлекеттік мекеменің шоттарына түскен басқа да түсiмдер көрсетiледi.»;
Полная версия

