Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 16116 болып тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 62-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 жылғы № 11-1-4/141 Бұйрығына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 19.12.2022 жылғы № 11-1-4/705 Бұйрығына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Құжаттарды заңдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 62-тармағына сәйкес әзірленді және құжаттарды заңдастыру тәртібін белгілейді.
1-1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабына сәйкес «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін реттейді.
Осы Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2020 жылғы № 11-1-4/141 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 19.12.2022 жылғы № 11-1-4/705 Бұйрығына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.