«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө және «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 138-ө бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16129 болып тіркелді
1. Мыналардың:
1) «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7285 болып тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашада № 552-553 (26945) «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған);
2) «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 138-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9398 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 12 маусымда № 114 (27735) «Казахстанская правда» республикалық газетінде, 2014 жылғы 12 маусымда № 113-114 (28338) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастан күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Заң кызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ___________ Н. Айдапкелов 2017 жылғы «12» желтоқсан
Полная версия