1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеуіш, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылау Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
Внимание! Документ утратил силу с 11.02.2019
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 900 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Осы Ереже күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.02.2019 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитет, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимитiн Жауапты хатшы бекітеді.
8. Комитеттің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты.
9. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері
Полная версия