Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2021
Данный документ находится в процессе изменения
Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 Қаулысы
Осы Қаулы осы Қаулының 6-тармағына сәйкес тоқтатылды
Редакция 12.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – пилоттық органдар) тізбесі бойынша пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізіледі;
2) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесіне негізделеді;
3) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу лауазымдық айлықақылар схемасы, сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу, үстемеақылар, өтемақылар, бонустар негізінде жүргізіледі;
5) пилоттық органдардың қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлері төмендеген жағдайда олардың осы мемлекеттік органдарда еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізілген күнге дейінгі лауазымдық айлықақыларының нақты мөлшерлері сақталады деп белгіленсін.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.12.2018 жылғы № 827 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
3-тармақша осы Қаулының 6-тармағына сәйкес бонустар төлеу бөлігінде 30.06.2021 жылға дейін қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
 «Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Астана қаласы және Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатылсын.»;
4. Пилоттық органдар бір ай мерзімде қолданыстағы штат кестелерін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының ережелері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне қолданылмайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.12.2018 жылғы № 827 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 925 Қаулысына сәйкес (12.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi