Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VІ
"2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 22-ө Өкімін қараңыз
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау;
2) бағалау амалы – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын бiр немесе бiрнеше бағалау әдiсiн пайдаланып айқындау тәсiлi;
3) бағалау әдiсi – бағалау кезінде жасалатын заңдық, қаржылық-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы;
4) бағалау күні – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңi;
5) бағалау қызметi – бағалау қызметі субъектілерінің белгiлi бiр күнге бағалау объектiсiне қатысты нарықтық немесе осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және бағалау стандарттарында көзделген өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіптік қызметі;
6) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi орган – бағалау қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) бағалау стандарты – бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi орган бағалау қызметiнің субъектілері үшін бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын айқындауға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық акт;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) бағалау туралы анық емес есеп – осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға алып келетін анық емес деректердi пайдаланып жасалған жазбаша құжат;
9) бағалау туралы есеп – жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған жазбаша құжат;
10) бағалау туралы есептің сараптамасы – бағалау туралы есептің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының және бағалаушылар палатасы стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында бағалаушылар палатасының сарапшылық кеңесі жүргізетін зерттеу;
11) бағалаушы – кәсіптік қызметін бағалаушылар палатасы берген «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің негізінде жүзеге асыратын және бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын  жеке тұлға;
12) «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлік – адамның арнайы теориялық білімді, практикалық икемдерді, дағдыларды және жұмыс тәжірибесін меңгеруге қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
13) бағалаушылар палатасы – өз мүшелерінің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған, кәсіптік қызмет саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйым;
14) бағалаушылар палатасының қағидасы – бағалаушылар палатасы әзірлейтін және бекітетін, бағалаушылар палатасы мен оның мүшелерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi