Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы  30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 763 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 16250 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:  
мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу;  
еңбекақы төлеу қоры (бұдан әрі – ЕТҚ) бойынша үнемдеу: бос лауазымдардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдер, банк қызметтеріне ақы төлеу, демалысқа шығу кестесінің өзгеруі есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу;
бюджет қаражатын өзге де үнемдеу: бағамдық айырма, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, инфляция индексінің өзгеруі, бағаның және табиғи тұтыну көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, іссапар шығыстары бойынша үнемдеу, жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі көлемінің азаюы, іс-шараларға шығу және өткізу мерзімінің көшірілуіне байланысты ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі, өкілдік шығындар мен шетелдік іссапарларды қоса алғанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық.»;
«26. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей,  ал республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес 1-МББӘ нысаны бойынша АЖ-да қалыптастырылған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады. Аталған есепте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептері және қаржыландыру жоспарларының орындалмауына әкеп соқтырған факторларды көрсете отырып, міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелерді уақтылы қабылдамау себептері егжей-тегжей толтырылады.
 Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқаулыққа      9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есептіден кейінгі айдың 7-сі күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.
 Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1- МУО нысаны бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.  
27. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 12-сі күніне кешіктірмей және есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға талдау жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттің атқарылуын талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.»;
42-тармақтың екінші бөлігінің жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:  
«19) 21-24-бағандарда Нұсқаулықтың 29-тармағында айтылған себептер бойынша қалыптасқан сомалар көрсетіледі;»;
«48. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті осы Нұсқаулықтың 21-қосымшасына сәйкес 4-ББІА нысаны бойынша жасайды.  
Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін әрбір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) бөлінісінде қағаз және электрондық тасығыштарда оған түсіндірме жазбамен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына) беріледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi