"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 855 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қызметін реттейді.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (20.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2022 жылғы № 179 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (20.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (20.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2022 жылғы № 179 Қаулысымен (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 855 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;