Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2024
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Қаулысы
 Осы Қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.09.2022 жылғы № 720 Қаулысына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары
1. Осы Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүргізуге, дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, пайдалануға, адамның жеке басын анықтауға немесе растауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.09.2022 жылғы № 720 Қаулысына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) амплификация – хромосомалық дезоксирибонуклеин қышқылы (бұдан әрі – ДНҚ) учаскелерінің қосымша көшірмелерінің пайда болу процесі;
2) генетикалық профиль – адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін ДНҚ-ның белгілі фрагменттері туралы кодталған ақпарат;
3) геномдық ақпарат бойынша сәйкестендіру – анықталып жатқан адамның, танылмаған мәйіттің геномдық профилінің «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖБС» ААЖ) геномдық ақпаратының дерекқоры бойынша сәйкес келуін тексеру;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) геномдық ақпаратты жинау – геномдық ақпаратты алуға бағытталған әрекеттер;
5) дактилоскопиялау – материалдық жеткізгіштерде қолдың тырнақ фалангаларының және (немесе) алақан бетіндегі папиллярлық сызықтардан түзетілетін тері бедерінің таңбасын (бұдан әрі – таңбалар) алу;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) дактилоскопиялық ақпарат бойынша сәйкестендіру – жеке басты «ЖБС» ААЖ дактилоскопиялық ақпараттың дерекқоры бойынша жеке тұлғаның немесе танылмаған мәйіттің қол саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді тексеру арқылы анықтау;
7) дактилоскопиялық ақпаратты жинау – дактилоскопиялық ақпаратты алуға бағытталған әрекеттер;
8) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты беру – уәкілетті мемлекеттік органға дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты беруге бағытталған әрекеттер;
9) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинақтау –дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты «ЖБС» ААЖ дерекқорына енгізу арқылы оны жүйелеу жөніндегі әрекеттер;
Полная версия
ИС BestProfi