Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.04.2022
Қазақстан Республикасында  педиатриялық көмек көрсетуді  ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 16279 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 8 сәуірден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2022 жылғы № ҚР ДСМ-25 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 желтоқсан № 1027 
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Осы Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау балаларға педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы қағидаттарын белгілейді.
2. Стандарт балалар сырқаттанушылығының, мүгедектігінің және өлімінің профилактикасы және төмендету бойынша шаралар өткізуді көздейді.
3. Педиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6173 болып тіркелген) бекітілген үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) перинаталдық көмекті өңірлендіру – жүктілік пен босану ағымының қауіп дәрежесіне сәйкес әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге перинаталдық стационарлық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша медициналық ұйымдарды облыс көлемінде бөлу;
Полная версия
ИС BestProfi