1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығы
Редакция 14.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республика Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығымен (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.11.2020 жылғы № 450 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.12.2020 жылғы № 465 Жарлығына сәйкес (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығымен (07.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 19.11.2022 жылғы № 1077 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (07.11.2023 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.04.2025 жылғы № 861 Жарлығымен (29.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(ҚР заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және уранды барлау жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыруы жөніндегі нормалар мен ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.08.2025 жылғы № 975 Жарлығымен (28.04.2025 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.01.2026 жылғы № 1152 Жарлығымен (26.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі, хатшы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі
Полная версия

