«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
«Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 923 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16348 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
1. «Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 564 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11431 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары мен олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметтерді алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде (толық автоматтандырылған).»;
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1 тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Полная версия