Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Мемлекеттік уәкілетті органдар және лауазымды адамдардың мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпаратты ұсыну нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 16412 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 607-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік уәкілетті органдар және лауазымды адамдардың мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
 _______________ Д.А. Абаев
  20___ жылғы «__» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
 ___________________ Ө.Е. Шөкеев
  20___ жылғы «__» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
 ___________________ М.Б. Бекетаев
  20___ жылғы «__» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
 ___________________ Ж.М. Қасымбек
  20___ жылғы «__» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
 ___________________ Қ.Н. Қасымов  
  20___ жылғы «__» ___________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№70 бұйрығымен бекітілген
Уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның атауы
  Аудан ______________ Мекен-жайы, телефон________
 Мемлекеттік кірістер органы ___________________________________
 20___ ж. ____________________________
 Мемлекеттік уәкілетті органдар және лауазымды адамдар мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы
 АҚПАРАТТАР

Өтініш жасаған тұлғалардың атауы (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)

БСН (ЖСН)

Заңды мекен-жайы (тұрғылықты орнының мекен-жайы)

Әрекет жасаған датасы (күні, айы, жылы)

Заңдық мәні бар іс-әрекетінің атауы

Жасаған әрекеттердін саны

Мемлекеттік баждың проценттік немесе АЕК-тегі ставкалары

Мемлекеттік баждың сомасы, теңге

Төлем құжатының берілген күні және нөмірі

Бюджетке енгізілген мемлекеттік баж сомасы,

теңге

Берілген жеңілдік

Жеңілдіктін сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 және 8-бағандардағы көрсеткіштер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Салық кодексі) 610-615-баптарына сәйкес көрсетіледі.
12-бағанда Салық кодексінің, оларға сәйкес жеңілдік берілген 616-622-баптарының тармағы (-қтары) және (немесе) тармақшасы (-лары) көрсетіледі.
 __________________________________________________   ______________ (Уәкілетті мемлекеттік органның басшысының немесе         (қолы)   лауазымды адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 __________________________________________________   ______________ (Мәлеметтерді жасауға жауапты адамның Т.А.Ә.              (қолы)        (бар болған жағдайда)
 МО Мәліметтер жасалған күні 20___ ж. «___» _______
Мәліметтерді қабылдаған мемлекеттік кірістер органның қызметкері
 Мәліметтер қабылданған күні 20___ ж. «___»
 АЕК- республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.
Полная версия
ИС BestProfi