Құрметті қазақстандықтар!
Обращение Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева к народу «Пять социальных инициатив Президента» (г. Астана, 5 марта 2018 года)
Наурыз айының еліміздің Тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар.
Көктемнің алғашқы күнінде біз Алғыс айту күнін атап өтеміз.
Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде.
Қымбатты әйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз.
Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған.
Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік.
Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды.
Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерген.
Осынау ізгі бастамалар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілін көрсетеді.
Жақсылықты жадында сақтай білген елдің рухы қашан да биік.
Уважаемые казахстанцы!
Март – особый месяц в календаре Независимости.
В марте мы отмечаем День Благодарности.
Символично, что – это, одновременно, время создания Ассамблеи народа Казахстана.
В марте наш народ празднует священный Наурыз мейрамы.
Также в марте, по традиции, мы чествуем наших дорогих женщин.
Полная версия