Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16534 болып тіркелді
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 жылғы № 1248 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 жылғы № 998 Бұйрығымен (12.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2020 жылғы № 1242 Бұйрығымен (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.
2) тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы;