Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырылуды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсынудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 181 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 наурызда № 16546 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 593-бабының 4-5-тармақтарына және 598-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес төлеушілер туралы, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілерге жіберілген хабарламалар туралы және радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы сомалары туралы мәліметтердің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақыны төлеушілер, бюджетке төлеуге жататын осындай біржолғы төлемақы сомалары және оны төлеу мерзімдері туралы мәліметтердің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес төлеушілер, төлемақы салынатын объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшiн төлемақы сомалары туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Ақпарат және коммуникациялар министрi
_____________ Д.Ә. Абаев
2018 жылғы «__» _________   
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 181 бұйрығына 1-қосымша
 Төлеушілер туралы, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілерге жолданған хабарламалар туралы және радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы сомалары туралы мәліметтер
 Есепті кезең 20___ жыл

РЖС пайдалану құқығына рұқсат құжатын алған заңды тұлғалардың атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайы

БСН/

ЖСН

Рұқсат құжатының берілген нөмірі

Рұқсат құжатының берілген күні

Рұқсат

құжатының күшіндегі мерзімі

Радио

байланыс түрі/ Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған жиілік диапазоны

Әкімшілік -аумақтық бірлік

Берілетін құралдың қуаты, Вт

Радио

станциялар,

арналар, радио жиіліктер радиоканалдар саны

(дана)

Белдеулер

кеңістігі

факті бойынша (килогерц, мегагерц)

Төлем ақының

жылдық ставкасы (АЕК)

Радио жиілік спекторын пайдалану кезеңі

(айлар саны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 

ЖИЫНЫ:

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Хабарлама нөмірі

Хабарлама күні

Есептелген(+)/ азайтылған(-), теңге

Төлемақы сомасының азаю себебі

Ағымдағы жылдың 25.03 кешіктірілмей

Ағымдағы жылы 25.06 кешіктірілмей

Ағымдағы жылы 25.09 кешіктірілмей

Ағымдағы жылы 25.12 кешіктірілмей


 

14

15

16

17

18

19

20


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

____________________________________________________________________________

(Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

____________________________________________________________________________

(Мәліметтерді жасауға жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

Жасалған күні 20__жыл ғы «___»______________________

Полная версия
ИС BestProfi