«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 270 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 наурызда № 16551 болып тіркелді
Қараңыз: ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.04.2019 жылғы № 370 Бұйрығы "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы"
1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру ережелері Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа сәйкес «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 маусымда жарияланған, Нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15156 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 2018 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидаларының 6-тармағын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 270 бұйрығына
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру Қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру тәртібін анықтайды.
2. Салық кодексінің 46 және 47-тарауында белгіленген талаптарға және осы Қағидаларда сәйкес жазып берілген және ЭШФ АЖ тіркелген электрондық нысанда шот-фактура қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз жеткізгіште сияқты, электрондық нысанда да жазып берілген жағдайда, онда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура негіз болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баждың төмендетілген ставкасы – кедендік әкелу баждардың Дүниежүзілік сауда ұйымдарында Қазақстан Республикасының міндеттемелерінде көзделген ставканың барынша жоғары деңгейінде белгіленетін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) қолданыстағы кедендік әкелу баж ставкасымен салыстырғанда өте төмен ставкасы;
2) виртуальды қойма – автоматты режимде тауарларды ауыстыру үшін арналған ЭШФ АЖ модулі (бұдан әрі – Модуль);
3) ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлар - ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар;
Полная версия