«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 573-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша, және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтердің нысандарын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 289 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16578 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтердің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтердің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтердің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ Қ.А.Бозымбаев 2018 жылғы 27 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 289 бұйрығына 1-қосымша
нысан
Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның
атауы _______________________________________________________
БСН _________________________
Полная версия

