Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 наурызда № 16549 болып тіркелді
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.07.2024 жылғы № 432 Бұйрығына сәйкес (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидалары;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі
1. Осы Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 404-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру, олардың жұмыс істеуін тоқтату, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ құқықтық режимін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. Кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс жерлерде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды, жүк және өзге де операциялар жасауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасы, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтініші негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – аумақтық орган) басшылары немесе оның орынбасарлары уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім қабылдайды.
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 жылғы № 1045 Бұйрығына сәйкес (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Уақытша кедендік бақылау аймағын құру мерзімін белгілеу 24 сағатты құрайды. Қызметтік жазбаның негізінде мерзім тағы 24 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.
Тауарларды теміржол көлігімен тасығанда жеткізетін бекетте кедендік бақылау аймағы болмаған жағдайда оны құру туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен аспайтын уақытша кедендік бақылау аймағы құрылады.
3) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты уәкілеттігі бар және (немесе) кедендік қарап тексеру, кедендік тексеріп қарау жүзеге асырылатын үй-жайлар мен (немесе) ашық алаңдарға иелік ететін тұлға туралы мәліметтер;
4) кедендік транзит кедендік рәімін аяқтау мақсатында темір жол көлігімен тасылатын жүкке қатысты уақытша кедендік аймағын құру үшін – тасымалдаушы және межелі бекеттің теміржол учаскесі туралы мәлімет;
Уақытша бақылау аймақтарының шекаралары периметрі бойынша бірдей аралықтарда «кедендік бақылау аймағы» деген жазуы бар ені 50 миллиметрден кем емес ақшыл сары түсті созылмалы жолақпен, не бір бірінен 2 метрден аспайтын қашықтықтағы және 0,5 метрден кем емес, алайда қаралатын немесе тексерілетін көлік құралынан 4 метрден артық емес қашықтықтағы жол конустарымен шектеледі.
5. Уақытша кедендік бақылау аймағын құру немесе бас тарту жағдайында аумақтық орган тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде өтініш берушіге хабарлайды.
7. Уақытша кедендік бақылау аймағы оны құруға үшін негіз болған іс- шаралары аяқталғаннан кейін немесе уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасында, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтінішінде көрсетілген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс істеуін тоқтатады.
Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар
Осы Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.07.2024 жылғы № 432 Бұйрығына сәйкес (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.07.2024 жылғы № 432 Бұйрығына сәйкес (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.07.2024 жылғы № 432 Бұйрығына сәйкес (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі – Қоймалар):
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 11.07.2024 жылғы № 432 Бұйрығымен (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;
3. Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады.
4. Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 жылғы № 1045 Бұйрығымен (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 11.07.2024 жылғы № 432 Бұйрығымен (12.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа);
6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;
7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Ашық типті кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, кеден қоймасының иесі уақытша сақтау қоймасына техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуын, электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуын қамтамасыз етеді.
Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу қағидалары
1. Осы Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 523-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. Бажсыз сауда дүкендері (бұдан әрі – БСД) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктінде оның ішінде порттарда, әуежайларда, вокзалдарда басымдылықпен орналасады және мынадай үй-жайларды:
2-1. Әуе кемесінің бортында шетелдік тауарларды сатуға арналған және мақұлданған кеңсе, БСД сату бөлмесі ретінде (олар болған жағдайда) қызметтік бөліктерін немесе БСД кеңсе қоймаларын пайдаланады.
Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.11.2019 № 1278 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қосалқы үй-жайлар және БСД қоймалары кедендік бақылаудан басқа тауарларды алып қою мүмкіндігін болдырмауды, сақалтуын қамтамасыз етуі және оған бөгде тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы қажет.
5. БСД бейнежазба аппаратымен жарақтандырылады, бұл ретте бақылау камераларында тәулік бойы режимде жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды көруге мүмкіндік береді.
8. БСД қызметін тоқтатқан кезде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары – экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – аумақтық орган) басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық органның басшысы орынбасарының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде БСД-нен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкетілуге жатады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 жылғы № 1045 Бұйрығына сәйкес (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 523-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. Бажсыз сауда дүкендерінде (бұдан әрі – БСД) бажсыз сауда кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбей тауарлар бөлшек саудада өткізіледі.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан кететін (келетін) жеке тұлғаларға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекетке кететін жеке тұлғаларға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетке келетін жеке тұлғаларға тауарларды өткізу Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына, сондай-ақ 3, 4, 5, 7-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (жұмыскерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізу Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 6-тармағына, екінші және үшінші бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
3-1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды керек-жарақтар ретінде өткізу БСД иесінің тауарларға декларация беруі арқылы жүзеге асырылады
Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.11.2019 № 1278 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әуе кемесінің бортында сатылмаған шетелдік тауар қайтарылған жағдайда БСД иесі осы тауарды Кодекстің 35-тарауында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті.
Әуе кемесінің бортында сатылмаған шетелдік тауар қайтарылған жағдайда БСД иесі осы тауарды Кодекстің 35-тарауында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті.
4. БСД-гі тауарлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 166-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдана отырып, сондай-ақ Салық кодексінің 412, 413-баптарына сәйкес шот-фактураны жазып беру және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарды сақтай отырып өткізіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тауарлар БСД қоймасында облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен немесе келісімімен орналастырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 жылғы № 1045 Бұйрығына сәйкес (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Тауарларды сақтау және өткізу үшін бажсыз сауда рәсімімен мәлімделмеген сауда залдарын, қосалқы үй-жайларды және БСД қоймасын пайдалануға жол берілмейді.