Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 110 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 наурызда № 16657 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.10.2023 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (13.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 148 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15089 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Осы Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.10.2023 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (13.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
1) «Б» корпусының қызметшісі – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;