Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.06.2026
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16688 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 5 маусымнан бастап ҚР Қаржы министрінің 20.05.2026 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 18.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР  Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 1213 Бұйрығына сәйкес (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шарашылық министрі
 ________________Ө.Шөкеев
2018 жылғы 9 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрі
  ________________Е.Біртанов  
2018 жылғы 13 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банк Төрағасы
  ________________ Д.Ақышев  
2018 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 267 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары
1. Осы тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 399-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 1213 Бұйрығына сәйкес (23.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың қолданылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың әкелуін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2-тарау. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгiлерiн жасауға арналған шикiзаттың импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң ақша белгiлерiн жасауға арналған әкелiнетiн шикiзаттың тиiстiлiгi туралы растауы;
Полная версия
ИС BestProfi