Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16702 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі;  
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүлік салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүлік салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны;  
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жер салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелері, шаруа (фермер) қожалықтары туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының  
Әділет министрі
 М. Бекетаев ______________  
  2018 жылғы «__» _________ 
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 наурыздағы № 402
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
1. Осы Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің және оның салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі - мәлімет) мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi