Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16707 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 30.05.2023 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2024 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес (30.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 566-бабының 3-тармағына, 580-бабының 4-тармағына, 584-бабының 4, 4-1 және 5-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 30.05.2023 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2024 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес (30.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 30.05.2023 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2024 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес (30.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2024 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес (30.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2024 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес (30.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің орынбасары –  
Қазақстан Республикасының  
Ауыл шаруашылығы министрі
 Ө.Е. Шөкеев_____________
  2018 жыл «___» __________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 наурыздағы
№ 404 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.10.2024 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес (30.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Полная версия
ИС BestProfi