Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16701 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және комуникация министрлігінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі;  
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (пәтерлер) бойынша мәліметтер нысаны;
3) осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (жеке үйлер) бойынша мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (саяжай құрылыстары) бойынша мәліметтер нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (гараждар) бойынша мәліметтер нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес көпқабатты үйлер орналасқан кондоминиумнің үй-жайларының меншік иесіне (қатысушыларына) берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның жер учаскелері (жеке тұрғын үй құрылысы үшін, көпқабатты үйлер орналасқан кондоминиумнің үй-жайларының меншік иесіне (қатысушыларына), өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелерін қоспағанда) бойынша мәліметтер нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi