Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 524 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16779 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 24 сәуiрдегi № 233 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11384 болып тiркелген, 2015 жылғы 9 шiлдеде «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк қайта тiркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк қайта тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
 (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелері) үш данасы;
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары;
заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi,тиiстi тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы, қатысушы) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан:
1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде қабылдап алғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге әрі қарай сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.»
аталған бұйрықпен бекiтiлген «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару өтініші (бұдан әрі – өтініш);
2) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешімі;
3) заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың наразылықтар мәлімдеуі тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
Наразылықтар мәлімдеу мерзімі, банкроттық жағдайларын қоспағанда, таратылғаны туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеуі тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі тиіс;
4) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;
5) (ол болған кезде) заңды тұлға мөрінің жойылғаны туралы құжат;
6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:
табиғи монополия субъектiсi үшін табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмi беріледі;
мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) шешімін;
мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады;
9) филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды:
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлға, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтінішті;
филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу соттың шешімі және тарату іс жүргізуін аяқтау туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.
Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:
2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріле отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.
Порталда заңды тұлға, филиал және өкілдік қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып және «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, электрондық құжат нысанында толтыру арқылы заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің қызметін тоқтату туралы өтініш беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), көрсетілетін қызметті алушының жарна сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді, қызметін тоқтатып отырған заңды тұлға, филиал (өкілдік), шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы(болуы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді береді.
9 және 9-1 қосымшалар осы бұйрыққа 2-3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.  
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан РеспубликасыӘдiлет министрiнің міндетін атқарушы Э. Әзімова
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрi
 _____________ Д. Абаев
2018 жылғы 9 сәуір
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
қаржы министрi
 _____________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 11 сәуір
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі төрағасы
 _____________ Д. Ақышев
2018 жылғы 13 сәуір
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
3 қосымша
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу,
филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің стандартына
9-қосымша
Кәсіпкерлік қызметті (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған) банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама
  1. Ұйымдық нысаны: _______________________________________________________ 2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: ______________________________________________ 3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз: Мемлекеттік тілдегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: ____________________________ Орыс тіліндегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: _________________________________ Ағылшын тіліндегі ҰҚН* атауы: _________________________________________ Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: ____________________________________ Орыс тіліндегі қысқаша атауы: _________________________________________ Ағылшын тіліндегі қысқаша ҰҚН* атауы: _________________________________ 4. Басшысы: Т.А.Ә.*/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/ жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, соның ішінде ЖСН*: ____________________________________________________ 5. ЗТ* уәкілетті органының басшыны тағайындау бойынша шешімі _____________ шешім нөмірі:____________________ шешім күні: _________________________ 6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға: ЖСН*/ Т.А.Ә.*, салым мөлшері ________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Заңды тұлғаларға: БСН*___________, ұйымның атауы, салым мөлшері _______ жарғылық капиталдағы үлесі % ______ 6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға: ЖСН*(егер бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, Т.А.Ә.*, азаматтығы, салым мөлшері _______________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Заңды тұлғаларға: БСН* (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы, юрисдикция (ел) тіркеу, орналасқан жері, салым мөлшері ________________________ жарғылық капиталдағы үлесі % _________ 7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә ________ , Жоқ _________ 8. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, Т.А.Ә.*, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН* (болған жағдайда) 9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекен-жайы: _______________________ Мекен-жайының типі: Өзінің жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ________________________________ Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ______________________ Мекен-жайдың тірке коды _______________________________________________ Мекен-жай: ____________________________________________________________ Облыс __________________________, қала, аудан, ________________________ ауылды өңір, қаладағы аудан: __________________________________________ ауыл, елді мекен: _____________________________________________________ елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл және басқ.): _______________________ жылжымайтын мүлік түрі: орынжай _____________, ғимарат ________________ сәйкестендіргіш нөмірлер: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________, блок нөмірі __________ пәтер __________________________________________ пошталық индекс: ______________________________________________________ 10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекен-жай бойынша автоматты түрде толтырылады): _________________________________________________________ 11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: _____________________________ 12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: ______________ 13. ҚҚС* төлеуші ретінде тіркеу: Иә __________, Жоқ ____________ 14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу: Иә ______, Жоқ _______ 15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________________________ 16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): _________________________ 17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ______________________________ 18. Телефон нөмірі: _______________________________________________________ 19. Атқарушы орган туралы мәлімет: Жеке ______________________, алқалы ______________________ Атқарушы органның атауы _______________________________________________ 20. Қаржыландыру көзі (анықтамалықтан таңдау): ____________________________ 21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ___________________________________ 22. Сақтандырудың басталу және аяқталу мерзімін көрсету: Сақтандырудың басталу күні ____________________________________________ Сақтандырудың аяқталу күні ____________________________________________ 23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).
Ескерту: БСН* - бизнес сәйкестендіру номері ЖСН* - жеке сәйкестендіру номері ҰҚН* - ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ҚҚС* - қосымша құн салығы ТОК* - тәуекелдің орындалу коэффициенті ШШБСЕТЗ* - Foreign Account Tax Compliance Act (FATCA) - Шетелдік шоттар бойынша салық есептілігі туралы заң ТАӘ* - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЗТ* - заңды тұлға Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 524 бұйрығына
4 қосымша
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу,
филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің стандартына
9-1 қосымша
Орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) өтініш
  1. Ұйымдық нысаны: _______________________________________________________ 2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: ______________________________________________ 3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз: Мемлекеттік тілдегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: ____________________________ Орыс тіліндегі ҰҚН* көрсетусіз атауы: _________________________________ Ағылшын тіліндегі ҰҚН* атауы: _________________________________________ Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: ____________________________________ Орыс тіліндегі қысқаша атауы: _________________________________________ Ағылшын тіліндегі қысқаша ҰҚН* атауы: _________________________________ 4. Басшысы: Т.А.Ә.*/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/ жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, соның ішінде ЖСН*: ____________________________________________________ 5. ЗТ* уәкілетті органының басшыны тағайындау бойынша шешімі _____________ шешім нөмірі: ____________________ шешім күні: ________________________ 6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға: ЖСН*/ Т.А.Ә.*, салым мөлшері ________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Заңды тұлғаларға: БСН* __________________________, ұйымның атауы, салым мөлшері ___________________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______ 6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға: ЖСН*(егер бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, Т.А.Ә.*, азаматтығы, салым мөлшері _______________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Заңды тұлғаларға: БСН* (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы, юрисдикция (ел) тіркеу, орналасқан жері, салым мөлшері ___________________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______ 7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә ________ , Жоқ __________ 8. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, Т.А.Ә.*, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН* (болған жағдайда) 9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекен-жайы: _______________________ Мекен-жайының типі: Өзінің жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ________________________________ Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ______________________ Мекен-жайдың тірке коды _______________________________________________ Мекен-жай: ____________________________________________________________ Облыс ___________________________, қала, аудан,________________________ ауылды өңір, қаладағы аудан: __________________________________________ ауыл, елді мекен: _____________________________________________________ елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл және басқ.): _______________________ жылжымайтын мүлік түрі: орынжай _____________, ғимарат ________________ сәйкестендіргіш нөмірлер: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________, блок нөмірі __________ пәтер __________________________________________ пошталық индекс: ______________________________________________________ 10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекен-жай бойынша автоматты түрде толтырылады): _________________________________________________________ 11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: _____________________________ 12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: ______________ 13. ҚҚС* төлеуші ретінде тіркеу: Иә ______, Жоқ _________ 14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу: Иә ______, Жоқ _______ 15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________________________ 16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): _________________________ 17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ______________________________ 18. Телефон нөмірі: _______________________________________________________ 19. Атқарушы орган туралы мәлімет: Жеке ______________________, алқалы______________________ Атқарушы органның атауы _______________________________________________ 20. Қаржыландыру көзі (анықтамалықтан таңдау): ____________________________ 21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ___________________________________ 22. Сақтандырудың басталу және аяқталу мерзімін көрсету: Сақтандырудың басталу күні ____________________________________________ Сақтандырудың аяқталу күні ____________________________________________ 23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).
Ескерту: БСН* - бизнес сәйкестендіру номері ЖСН* - жеке сәйкестендіру номері ҰҚН* - ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ҚҚС* - қосымша құн салығы ТОК* - тәуекелдің орындалу коэффициенті ШШБСЕТЗ* - Foreign Account Tax Compliance Act (FATCA) - Шетелдік шоттар бойынша салық есептілігі туралы заң ТАӘ* - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЗТ* - заңды тұлға
Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға
Полная версия
ИС BestProfi