Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 93 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16785 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2023 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (25.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 82 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15177 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Персоналды басқару қызметі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысы Б.С. Бақтыгереевке жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев
Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттік қызмет істері
 және сыбайлас жемқорлыққа
 қарсы іс-қимыл агенттігі
 төрағасының 2018 жылғы
 5 сәуірдегі № 93 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
Осы Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2023 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (25.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Әдістеме өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 16.10.2023 жылғы № 204 Бұйрығымен (31.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 214 Бұйрығына сәйкес (16.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық органдарымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) басшылық лауазым – өзіне бағынышты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттіктер берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;
3) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы – В-1, В-3 (дербес құрылымдық бөлімшелердің басшылары), C-O-1 (аумақтық бөлімшелердің басшылары), санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Полная версия
ИС BestProfi