«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 11-1-4/78 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 сәуірде № 16804 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11646 тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi»;
«7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.»;
Полная версия