Близость слов: Окончание:





Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы
Редакция 02.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2023 жылғы № 291 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. «Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
«Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.».
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысымен
 бекiтiлген
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары
1. Осы Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегiнде және шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбiн айқындайды.
2. Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.
2-1. Мемлекеттік органдар қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің ішкі тәртібін өз қызметінің ерекешелігін ескере отырып осы Қағидаларда көзделген нормаларға сәйкес дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.
Осы Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарын өтеу тәртiбi
3. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;
2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2019 жылғы № 403 Қаулысына сәйкес (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.11.2019 жылғы № 865 Қаулысына сәйкес (13.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (21.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысымен (17.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.04.2023 жылғы № 291 Қаулысымен (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.02.2024 жылғы № 97 Қаулысымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында - тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген тұлғаға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде:
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2019 жылғы № 403 Қаулысына сәйкес (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (21.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 920 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (17.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.04.2023 жылғы № 291 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.02.2024 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
теміржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша;
су жолдарымен, тас және қара жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлігімен жол жүрген кезде шығыстарды жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша өтеуге жол беріледі. Бұл ретте темiржол көлігі билетінің құны авиабилет құнынан асып кететін болса, іссапарға әуе көлiгiмен жіберуге жол беріледі;
мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, Конституциялық Соттың судьяларына, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша;
Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілеріне, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде «Бизнес» класты авиабилет құны бойынша;
4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньға қоюдың, iссапарға жiберiлген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезiнде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдаланудың құны, сондай-ақ жол жүру билеттерін қайтарғаны немесе ауыстырғаны үшін комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;
5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi;
6) темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекен шегінен тыс орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
7) мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (21.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда, мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар 161 «Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар» ерекшелігі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Іссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты тұратын жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жерге iссапарға жiберiлген кезде шығыстар мынадай тәртiппен өтеледi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (21.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тәулiкақыларды өтеу және көлiктiк шығыстарға ақы төлеу осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда тәулiкақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.
Қызметкердің iссапар орнынан тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келе алуы-келе алмауы туралы мәселені әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда –мемлекеттiк мекеменің басшысы шешедi.
5. Iссапарға жiберiлген қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген қызметкер стационарлық емдеуде жатқан жағдайды қоспағанда) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрақты жұмыс орнына қайтып келгенше барлық уақыт ішінде, бiрақ 40 күннен артық емес уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.
Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орнына келе алмауы белгіленген тәртiппен куәландырылуы тиiс.
Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.
6. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбi
7. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезінде мынадай шығыстар өтеледi:
1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-класты авиабилет құны мөлшерінде өтеледі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2019 жылғы № 403 Қаулысына сәйкес (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 920 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.02.2024 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аппарат басшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар «Бизнес» класты авиабилет құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2019 жылғы № 403 Қаулысына сәйкес (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (21.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (17.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.02.2024 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мына:
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.10.2018 жылғы № 694 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шет елге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі;
4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада «Экономикалық» сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;
5) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға):
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.06.2019 жылғы № 403 Қаулысымен (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (21.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 920 Қаулысымен (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысымен (17.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.02.2024 жылғы № 97 Қаулысымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, аппарат басшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесін, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғалар үшін люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері үшін жартылай люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
осы тармақшаның екiншi, үшiншi, төртінші абзацтарында көрсетілмеген басқа мемлекеттiк қызметшілер үшiн стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдiң бiр орындық нөмiрiнiң құны бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісімен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
өткізу кезеңінде қонақүйде тұру құны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісу бойынша қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің бекітілген шекті нормаларынан асатын халықаралық іс-шараларға Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында қатысатын адамдар үшін – іс жүзіндегі шығындар бойынша;
әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдерге іссапарға жіберілген адамдар үшін – іс жүзіндегі шығыстар бойынша. Әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды;
6) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейінгі үздіксіз ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;
7) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстары мынадай нормалар бойынша АҚШ долларымен және евромен өтеледі:
7-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Р/с №

Мемлекет

Тәуліктік

Қонақүй нөмірлерінің сыныптамасы

люкс

жартылай люкс

стандарт

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

АҚШ доллары

евро

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Аустрия Республикасы


 

80


 

435


 

320


 

230

2.

Аустралия

90


 

400


 

300


 

250


 

3.

Әзербайжан Республикасы

80


 

250


 

200


 

150


 

4.

Албания Республикасы

80


 

180


 

150


 

120


 

5.

Алжир Халық Демократиялық Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

6.

Антигуа және Барбуда

80


 

180


 

150


 

120


 

7.

Аргентина Республикасы

80


 

330


 

210


 

120


 

8.

Мысыр Араб Республикасы

90


 

200


 

175


 

120


 

9.

Багам Аралдары Достастығы

80


 

150


 

120


 

100


 

10.

Белиз

80


 

150


 

120


 

100


 

11.

Бермуд аралдары

80


 

150


 

120


 

100


 

12.

Босния және Герцеговина


 

80


 

195


 

160


 

125

13.

Бруней-Даруссалам Мемлекеті

90


 

180


 

140


 

120


 

14.

Вануату

80


 

150


 

120


 

100


 

15.

Шығыс Самоа

80


 

150


 

120


 

100


 

16.

Уругвай Шығыс Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

17.

Люксембург Ұлы Герцогтігі


 

80


 

405


 

205


 

110

18.

Габон Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

19.

Бахрейн Корольдігі

90


 

300


 

240


 

100


 

20.

Қатар Мемлекеті

90


 

400


 

270


 

130


 

21.

Израиль Мемлекеті

90


 

330


 

250


 

160


 

22.

Кувейт Мемлекеті

90


 

330


 

240


 

150


 

23.

Грек Республикасы


 

80


 

285


 

230


 

185

24.

Доминикан Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

25.

Мадагаскар Демократиялық Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

26.

Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

27.

Судан Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

28.

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

29.

Шығанақтағы аумақтар

80


 

150


 

120


 

100


 

30.

Иордан Хашимит Корольдігі

80


 

180


 

140


 

120


 

31.

Ирак Республикасы

80


 

180


 

140


 

110


 

32.

Иран Ислам Республикасы

80


 

250


 

180


 

130


 

33.

Ирландия


 

80


 

405


 

250


 

165

34.

Италия Республикасы


 

80


 

375


 

290


 

205

35.

Йемен Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

36.

Ауғанстан Ислам Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

37.

Мауритания Ислам Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

38.

Пәкістан Ислам Республикасы

80


 

290


 

180


 

155


 

39.

Дания Корольдігі


 

80


 

400


 

225


 

150

40.

Андорра Княздігі

80


 

150


 

120


 

100


 

41.

Бельгия Корольдігі


 

80


 

310


 

250


 

165

42.

Гайана Кооперативтік Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

43.

Испания Корольдігі


 

80


 

330


 

250


 

205

44.

Кайман аралдары

80


 

150


 

120


 

100


 

45.

Камбоджа Корольдігі

80


 

150


 

120


 

100


 

46.

Кампучия

80


 

210


 

190


 

180


 

47.

Канада

100


 

300


 

285


 

150


 

48.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

80


 

450


 

250


 

150


 

49.

Қытай Халық Республикасы

100


 

220


 

180


 

150


 

Гонконг қаласы

100


 

220


 

180


 

150


 

50.

Қырғыз Республикасы

80


 

275


 

130


 

100


 

51.

Лесото Корольдігі

80


 

150


 

120


 

100


 

52.

Лихтенштейн Князьдігі


 

80


 

405


 

205


 

110

53.

Марокко Корольдігі

80


 

230


 

200


 

180


 

54.

Непал Корольдігі

80


 

150


 

120


 

100


 

55.

Нидерланд Корольдігі


 

80


 

305


 

250


 

165

56.

Норвегия Корольдігі


 

80


 

390


 

330


 

250

57.

Сауд Арабиясы Корольдігі

90


 

400


 

180


 

130


 

58.

Свазиленд Корольдігі

80


 

150


 

120


 

100


 

59.

Таиланд Корольдігі

90


 

300


 

240


 

130


 

60.

Тонго Корольдігі

80


 

150


 

120


 

100


 

61.

Швеция Корольдігі


 

80


 

530


 

355


 

200

62.

Лаос Халық- Демократиялық Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

63.

Латвия Республикасы


 

80


 

175


 

130


 

85

64.

Ливан Республикасы

80


 

260


 

150


 

100


 

65.

Ливия

80


 

165


 

120


 

100


 

66.

Литва Республикасы


 

80


 

165


 

125


 

100

67.

Макао

80


 

150


 

120


 

100


 

68.

Малави

80


 

150


 

120


 

120


 

69.

Мальдив Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

70.

Мексикалық Біріккен Штаттары

80


 

230


 

180


 

125


 

71.

Монако Княздігі


 

80


 

525


 

305


 

175

72.

Моңғолия Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

73.

Мьянма Одағы Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

74.

Конго Халық Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

75.

Жаңа Зеландия

80


 

300


 

240


 

150


 

76.

Бангладеш Халық Республикасы

80


 

200


 

150


 

100


 

77.

Палау Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

78.

Біріккен Араб Әмірліктері

90


 

460


 

220


 

160


 

79.

Танзания Біріккен Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

80.

Папуа Жаңа Гвинея

80


 

160


 

130


 

100


 

81.

Португалия Республикасы


 

80


 

265


 

210


 

150

82.

Пуэрто-Рико

80


 

150


 

120


 

100


 

83.

Ангола Республикасы

80


 

180


 

150


 

120


 

84.

Армения Республикасы

80


 

200


 

170


 

130


 

85.

Барбадос Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

86.

Беларусь Республикасы

80


 

315


 

120


 

100


 

87.

Бенин Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

88.

Болгария Республикасы


 

80


 

380


 

200


 

130

89.

Көпұлтты Боливия Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

90.

Ботсвана Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

91.

Мажарстан


 

80


 

285


 

215


 

125

92.

Венесуэла Боливаршыл Республикасы

80


 

260


 

210


 

110


 

93.

Вьетнам Социалистік Республикасы

80


 

200


 

150


 

100


 

94.

Гаити Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

95.

Гамбия Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

96.

Гана Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

97.

Гватемала Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

98.

Гвинея Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

99.

Гвинея-Бисау Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

100.

Буркино Фасо Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

101.

Бурунди Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

102.

Гибралтар Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

103.

Гондурас Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

104.

Гренада

80


 

150


 

120


 

100


 

105.

Грузия

80


 

180


 

150


 

100


 

106.

Джибути Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

107.

Заир Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

108.

Замбия Республикасы

80


 

185


 

150


 

120


 

109.

Зимбабве Республикасы

80


 

165


 

130


 

100


 

110.

Үндістан Республикасы

80


 

300


 

250


 

150


 

111.

Индонезия Республикасы

80


 

260


 

230


 

217


 

112.

Исландия Республикасы


 

80


 

315


 

210


 

115

113.

Кабо-Верди Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

114.

Камерун Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

115.

Кения Республикасы

80


 

185


 

150


 

120


 

116.

Кипр Республикасы


 

80


 

265


 

210


 

150

117.

Колумбия Республикасы

80


 

220


 

200


 

160


 

118.

Коста-Рика Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

119.

Код-д'Ивуар Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

120.

Куба Республикасы

80


 

340


 

270


 

150


 

121.

Корея Республикасы, Сеул қаласы

90


 

530


 

250


 

210


 

122.

Либерия Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

123.

Маврикий Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

124.

Мали Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

125.

Македония Республикасы


 

80


 

190


 

165


 

115

126.

Мальта Республикасы

80


 

230


 

180


 

120


 

127.

Мозамбик Республикасы

80


 

180


 

130


 

100


 

128.

Молдова Республикасы

80


 

190


 

150


 

100


 

129.

Намибия Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

130.

Нигер Республикасы

80


 

175


 

140


 

120


 

131.

Никарагуа Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

132.

Панама Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

133.

Парагвай Республикасы

80


 

145


 

120


 

100


 

134.

Перу Республикасы

80


 

245


 

200


 

140


 

135.

Польша Республикасы


 

80


 

330


 

180


 

125

136.

Эль-Сальвадор Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

137.

Сенегал Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

138.

Сингапур Республикасы

90


 

500


 

300


 

200


 

139.

Словения Республикасы


 

80


 

195


 

165


 

125

140.

Суринам Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

141.

Сьерра Лион Республикасы

80


 

240


 

160


 

100


 

142.

Тәжікстан Республикасы

80


 

170


 

130


 

100


 

143.

Тринидад және Тобаго Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

144.

Уганда Республикасы

80


 

180


 

140


 

100


 

145.

Өзбекстан Республикасы

80


 

315


 

180


 

100


 

146.

Украина

80


 

315


 

180


 

120


 

147.

Филиппин Республикасы

90


 

280


 

220


 

150


 

148.

Хорватия Республикасы


 

80


 

260


 

195


 

125

149.

Чад Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

150.

Чили Республикасы

80


 

240


 

180


 

110


 

151.

Эквадор Республикасы

80


 

150


 

120


 

110


 

152.

Ресей Федерациясы

80


 

450


 

280


 

220


 

153.

Руанда Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

154.

Румыния


 

80


 

280


 

185


 

130

155.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі


 

80


 

580


 

390


 

215

80


 

550


 

375


 

205

156.

Самоа

80


 

150


 

120


 

100


 

157.

Сан-Марино Республикасы

100


 

320


 

250


 

180


 

158.

Сейшель аралдары

80


 

150


 

120


 

100


 

159.

Сент-Люсия

80


 

150


 

120


 

100


 

160.

Сирия Араб Республикасы

80


 

260


 

180


 

110


 

161.

Словак Республикасы


 

80


 

190


 

165


 

125

162.

Соломон аралдары

80


 

120


 

110


 

100


 

163.

Сомали Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

164.

Америка Құрама Штаттары

100


 

525


 

400


 

260


 

Нью-Йорк қаласы

100


 

1200


 

1000


 

575


 

165.

Оман Сұлтандығы

90


 

300


 

240


 

120


 

166.

Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

167.

Сербия және Черногория


 

80


 

205


 

165


 

125

168.

Тайвань

80


 

150


 

120


 

100


 

169.

Тоголез Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

170.

Тунис Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

171.

Түрікменстан

80


 

240


 

180


 

120


 

172.

Түркия Республикасы

100


 

350


 

230


 

180


 

173.

Бразилия Федеративтік Республикасы

80


 

330


 

210


 

150


 

174.

Германия Федеративтік Республикасы


 

80


 

400


 

210


 

165

175.

Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

176.

Финляндия Республикасы

80


 

400


 

300


 

200


 

177.

Француз Республикасы


 

80


 

415


 

290


 

230

178.

Малайзия

90


 

300


 

270


 

170


 

179.

Нигерия Федеративтік Республикасы

80


 

150


 

120


 

100


 

180.

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

80


 

240


 

180


 

120


 

181.

Чех Республикасы


 

80


 

255


 

210


 

125

182.

Швейцария Конфедерациясы

80


 

415


 

290


 

230


 

183.

Экваторлық Гвинея

80


 

150


 

120


 

100


 

184.

Эстония Республикасы


 

80


 

330


 

175


 

125

185.

Оңтүстік Африка Республикасы

80


 

190


 

160


 

100


 

186.

Ямайка

80


 

180


 

150


 

120


 

187.

Жапония

100


 

360


 

325


 

220


 

7-1) валютаны есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгеге аударылған күнге белгілеген бағам қолданылады.
7-тармақ 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген тәуліктік шығыстарды өтеудің нормалары осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдардың ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады.
9) іссапарға жіберілген адам шетелге баратын кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.
7-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер жол жүру құжатына сәйкес Қазақстан Республикасынан ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 21:00 сағатынан кеш жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылмайды.
Егер жол жүру құжаттарына сәйкес шет мемлекеттен ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 00:00-ден – 03:00-ге дейінгі сағаттары аралығында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні іссапар мерзіміне қосылмайды.
10) егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар шығыстарын өзінің есебінен төлеген жағдайда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінбейді.
7-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 44-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).
4. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 682-құжат).
5. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 490-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi