Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.12.2020
«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 мамырда № 16873 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 желтоқаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-205/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қазандағы № 274-275 (26335-26336) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы»;
қазақ тіліндегі 1-тармаққа өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы бұйрыққа қоса берілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері бекітілсін.»;
Осы бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде:
қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді :
«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері».
«1-параграф. Клиникалық бөлімшелері (палаталар)»;
«2-параграф. Қабылдау бөлімшелерінің штат нормативтері»;
«3-параграф. Операция бөлімшесінің штат нормативтері»;
Полная версия
ИС BestProfi