БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 513 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 мамырда № 16880 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«107 Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді іске асыруды қамтамасыз ету»;
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«104 «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
Полная версия

