Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1137 Қаулысына сәйкес (21.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 18.12.2025 жылғы № 1102 Қаулысына сәйкес 
Редакция 06.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1137 Қаулысына сәйкес (21.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1137 Қаулысына сәйкес (21.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары;

2) Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2018 жылғы 21 мамырдағы
 № 282 қаулысымен
 бекітілген
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары
Осы Өлшемшарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1137 Қаулысына сәйкес (21.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің (бұдан әрі – кен орны) кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары

Кен орны бойынша рентабельділік нормасы

Алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кен орнының рентабельділік деңгейі

5% ≥ кен орны бойынша рентабельділік деңгейі

Ескертпе: кен орны бойынша рентабельділік деңгейін есептеуді жер қойнауын пайдаланушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 720-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасы деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес дербес жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2018 жылғы 21 мамырдағы
 № 282 қаулысымен
 бекітілген
Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары
Осы Қаулы Қағидалармен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2022 жылғы № 1137 Қаулысына сәйкес (өзгерту 06.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.08.2025 жылғы № 664 Қаулысына сәйкес (22.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi (бұдан әрі – Салық кодексi) 720-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидалар пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау тәртібін айқындайды және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша кен орындарына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өзара байланысқан тараптар – Салық кодексінің 264-бабының 23) тармақшасына сәйкес осындай деп танылған тұлғалар;
2) минералдық шикізат – салық салу мақсатында пайдаланылатын ұғымдардағы минералдық шикізат және (немесе) қатты пайдалы қазбалар.
Полная версия
ИС BestProfi