Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2023
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына толықтыру енгізу туралы  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 287 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.08.2023 жылғы № 642 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары:
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Эмитент бағалы қағаздарды ішінара мерзімінен бұрын немесе толық мерзімінен бұрын өтеуді жүргізе алады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия
ИС BestProfi