Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2023
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 мамырда № 16972 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 11 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Қорғаныс министрінің 20.06.2023 жылғы № 614 Бұйрығына сәйкес 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1)«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15009 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);  
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 715 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16155 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 16 мамырдағы
№ 322 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) жұмысын бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей басшы – тура бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты адам;
Полная версия
ИС BestProfi